Асқар Мамин ассамблея депутаттарына дауыс берді

824

Премьер-министр ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысты. 

Асқар Мамин ассамблея депутаттарына дауыс берді

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі екенін пайдаланып, ассамблея депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты хабарлады. 

Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында өтіп жатқан дауыс беру рәсімінде 9 Парламент Мәжілісінің депутаттығына  үміткер 9 азаматтың бағы сыналуда.  Кандидаттар арасында Қордайдағы қанды оқиғамен аты шыққан Сортөбе ауылының әкімі де бар. Жалпы кандидаттардың тізімі мынадай: Мәжілістің VI шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов, Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "Техникалық лицей" КММ директоры Наталья Дементьева, "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли, "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев, "Шығыс" шаруа қожалығының жетекшісі Шамиль Осин, "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов, "Әзербайжан қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы мүшесі Абилфас Хамедов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу