Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі кеңесінің төрағасы болып сайланды

775

Жаңа басшының қатысуымен қаржы институты кеңесінің отырысы өтті. 

Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі кеңесінің төрағасы болып сайланды

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық даму банкі кеңесінің төрағасы болып сайланды. Жаңа басшының қатысуымен қаржы институты кеңесінің отырысы өтті. Аталған іс-шараға кеңеске мүше елдердің үкімет басшылары мен қаржы министрлері қатысты.

Жиын барысында банктің 2018 жылы атқарған жұмысы қорытындыланды. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық қызметті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған интеграциялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Бүгінде банк қоржынының $3,5 млрд сомасына 85 жоба өз жұмысын бастаған. Барлық жобалардың 40 пайызға жуығы Қазақстан аумағында іске асырылып жатыр. Жиын соңында, Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуға және бірлескен жобаларды қаржыландыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу