Асқар Мамин Финляндияның Сыртқы сауда министрімен кездесу өткізді

860

Тараптар инвестициялық, энергетикалық, денсаулық сақтау, цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. 

Асқар Мамин Финляндияның Сыртқы сауда министрімен кездесу өткізді

Премьер-министрі Асқар Мамин Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі, парламент депутаты Вилле Скиннаримен кездесу өткізді, деп хабаралайды inbusiness.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, жасыл экономиканы дамыту және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

"Соңғы 15 жыл ішінде Финляндия Қазақстан экономикасына 366 млн доллар инвестиция салды. Осы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,2 млн долларды құрап, 3,4 есе өсті", – деп жазылған Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Үкімет басшысы екіжақты сауда көлемін одан әрі арттыру және цифрлық технологиялар, АӨК, қалдықтарды қайта өңдеу және жасыл экономиканы дамыту салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Кездесуге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ ҚР-ның Финляндиядағы елшісі Жанна Сартбаева қатысты.

"Вилле Скиннаридің Қазақстанға сапары аясында сауда, қаржы, энергетика, көлік, АӨК, білім беру, денсаулық сақтау, орман және су ресурстарын ұтымды пайдалану секілді салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтін Қазақстан-Финляндия Үкіметаралық комиссиясының 11-отырысының хаттамасына қол қойылды", – деп жазылған Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, "KaukoInternational Oy Ltd" компаниясы және Қазақ-фин технологиялық орталығы арасында экология, орман және балық шаруашылығы, қалдықтарды қайта өңдеу және су ресурстарын басқару салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту және дамытуды көздейтін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу