banner

Асқар Мамин кабинеті 3 жылда несімен есте қалды?

1408

Президенттер ауысса да, жаңа мәжіліс сайланса да, елде коронадағдарыс болғанда да креслосын босатпаған Мамин Үкіметіне тура бір айдан кейін 3 жыл болар еді. Atameken Business Асқар Ұзақбайұлының кабинеті не тындырды деп, сандарға шолу жасап көрді.

Асқар Мамин кабинеті 3 жылда несімен есте қалды?

Осы уақыт аралығында бір емес 2 рет қару-жарақ қоймасы жарылды. Коронавирус ушыққан тұста дәрі-дәрмек жетіспеушілі болды. Вакцинацияға 93 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Ал баға жылдан-жылға шарықтады. Мәселен 2020 жылы бағаны ұстап тұруға 30 млрд теңге бөлінсе, 2021-да тағы 50 млрд осы шаруаға бағытталды. Алайда инфляцияны құрықтау мүмкін болмады. Өткен жылы инфляция 8,9 пайызға дейін көтерілді.

3 жылда түрлі мемлекеттік бағдарламалар да қабылданды. Мәселен "5-10-20" мен "Шаңырақ" бағдарламалары. Біріншісіне 210 млрд теңге бөлінсе, "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасына 390 млрд қарастырылды. Осы арқылы мыңдаған қазақстандық баспаналы болды. Ал ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған "Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыруға 800 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Мамин басқарған Үкімет жұмысын 4-ке бағалаған сарапшылар қабылданған шешімдер мен іс-әрекеттер арасында қарама-қайшылық болғанын айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу