Асқар Мамин: Қазақстан өңірдің тұрақты көлік жүйесінің дамуына зор үлес қосуда

911

Асқар Мамин: Қазақстан өңірдің тұрақты көлік жүйесінің дамуына зор үлес қосуда

А. Мамин өңірдің әлем мұхиттары мен халықаралық теңіз жолдарына шығу мүмкіндігі жоқ, экономикалық даму елдері тұрғысынан алғандағы тұрақты көлік тақырыбының маңыздылығын атап өтті, деп жазады primeminister.kz.

"Сауда ағындарын заманауи логистикалық инфрақұрылыммен және жеткізудің жылдамдығы мен бағасы жағынан сапалы қызметімен қамтамасыз ету – транзиттік дәліздердің қатысушы елдеріне жаңа нарықтарды игеріп, жүк ағынын тартуға мүмкіндік береді", – деді А. Мамин.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында қабылданған тұрақты даму мақсаттары, соның ішінде тұрақты сипаттағы транзиттік және көлік инфрақұрылымын құру жаһандық дамудың маңызды қарқыны болып табылады.

"Қазақстан өңірдің логистикалық инфрақұрылымын жетілдіруге және дамуына айтарлықтай үлесін қосуда", – деді А. Мамин.

Жаһандық конференцияға қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің қабылдауында болды.

Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қазақстандық-түркімендік қарым-қатынастарды дамытудағы, мемлекетаралық байланыстардың барлық салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі мен маңыздылығын баса айтты.

Кездесу барысында маңызды бөлігі Қазақстан-Түркіменстан-Иран жаңа теміржол магистралі болып табылатын "Солтүстік-Оңтүстік" теміржол дәлізін дамыту перспективалары талқыланды. 2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері үш мемлекетті жалғайтын Өзен–Берекет–Горган теміржол магистралін ашты.

Тараптар бұл халықаралық магистральдің өңірдің экономикасын дамытудағы, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың гүлденуі және оны нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. 

Бұдан өзге, газ, трансшекаралық суды пайдалану саласындағы қазақстандық-түркімендік ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.

А. Мамин алдағы ЭКСПО-2017 "Болашақ энергиясы" халықаралық көрмесіне қатысатындығы үшін түркімен тарапына алғыс айтты. 

Форум аясында А. Мамин Қытай, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Украина үкіметтерінің мүшелерімен кездесулер өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу