Асқар Мамин "Кировец" тракторын сынап көрді

786

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде тракторға деген жыл сайынғы қажеттілік шамамен 1600 тракторды құрайды.   

Асқар Мамин "Кировец" тракторын сынап көрді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы Қостанай трактор зауыты базасында "Кировец" қуаттылығы жоғары тракторын шығаратын зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы – 2025 жылға қарай  жергіліктендіруді біртіндеп 50%-ға дейін арттырған жағдайда жылына 700 бірлік техникаға дейін жетеді. Үш кезеңде іске асырылатын жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7,3 млрд теңгені құрайды, өндірісте 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын және іргелес салаларда 700 жұмыс орнын құру көзделген. 

Премьер-Министрдің қатысуымен "Петербург трактор зауыты" АҚ (ПТЗ) бас директоры С. Серебряков және Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті А. Лаврентьев "ПТЗ" АҚ-ның Қостанай трактор зауытының жарғылық капиталына кіруі туралы келісімге қол қойды. 

"Қазақстан алдына ауыл шаруашылығы техникалары мен оның құрауыштарының жоғары технологиялық өндірістерін құру  міндетін қояды. Бүгін біз аты аңызға айналған “Кировец” тракторының өндірісін іске қосамыз. Жаңа зауыт Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын елімізде құрастырылған “Кировец” сапалы әрі сенімді техникасымен қамтамасыз етеді", – деді А. Мамин.  

Үкімет басшысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасының нарығын кеңейтуге, оны одан әрі экспорттауға, жергіліктендіру процестерін тереңдетуге және сервис деңгейін арттыруға мүдделі екенін атап өтті. 

"Қазақстанда “Кировец” энергия тиімді тракторларының заманауи өндірісін ашу отандық машина жасау саласын дамыту стратегиясына сәйкес келеді. Аталған жобаны бастау  өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығы мен ТКШ саласына тракторларды шығаруға, жергіліктендіруді ұлғайтуға және өнеркәсіптің іргелес салаларын дамытуға мүмкіндік береді", – деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы Қазақстанда алғаш рет шығарылған  "Кировец" тракторын өзі сынақтан өткізді. 

Қазақстанда "ПТЗ" АҚ өнімдері кеңінен таралған. Мәселен, 2014-2017 жылдар аралығында елімізде 500-ге жуық "Кировец" тракторы өткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу