Асқар Мамин Қырғызстан Премьері Ақылбек Жапаровпен кездесті

594

Кездесу барысында сауда-экономикалық, аграрлық және энергетикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин Қырғызстан Премьері Ақылбек Жапаровпен кездесті

5 қарашада Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы аясында Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Асқар Мамин Қазақстанның Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді. 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, аграрлық және энергетикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 

Атап айтқанда, тараптар Қазақстан Республикасынан электр энергиясын жеткізу және оның аумағы арқылы электр энергиясының транзиті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар олар көтерме-тарату орталықтарын және қазақстандық инвестицияларды тарту арқылы индустриялық сауда-логистикалық кешендерді салуға қатысты бірлескен жобалар мәселелеріне, Ыстықкөл облысында қазақстандық пансионаттардың жұмысына қатысты мәселелерге де тоқталды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаровты Нұр-Сұлтан қаласында қараша айында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына шақырды.

Айта кетейік, 5 қарашада Қырғызстан астанасын Бішкек қаласында "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы өтіп жатыр. Жиынға ЕО және Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері, ЕО жобаларын осы аймақта жүзеге асырып жатқан ұйымдар, жеке сектор өкілдері, еуропалық қаржы институттары қатысып жатыр. Форумда Орталық Азияның экономикалық даму саласындағы басым қажеттіліктері туралы пікірлер айтылады. Бұл форумың негізгі бағыттары – жасыл экономика, цифрландыру және іскерлік ортаны дамыту мәселелері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу