Асқар Мамин: Мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту қажет

857

Үкімет басшысы Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Асқар Мамин: Мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту қажет

"Стационарлық және амбулаторлық емдеудегі науқастардың саны айтарлықтай азайды. Қазіргі кезде инфекциялық ауруханалардағы орындардың жүктемесі – 29%, реанимациялық орындардағы жүктеме – 23%-ды құрап отыр. Солтүстік Қазақстан облысы – "қызыл" аймақта. 5 өңір – "сары", 11 өңір – "жасыл" аймақта", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы басқа елдерде коронавирустың "омикрон" деген жаңа штамының пайда болуына байланысты мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту қажеттігін алға тартты. 

"Ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуға тиіс. Ғимараттар мен көлікте маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғассын! Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен тиісінше қамтамасыз ету қажет", – деді Асқар Мамин.

Премьер-министр бүгінгі таңда шамамен 8,8 млн адам вакцинаның бірінші компонентін салдырғанын, бұл 18 жастан асқан адамдардың 76,6%-ы екенін айтты. 

"8 млн-нан астам адам вакцинаның екінші компонентін алды. Бірақ бұл көрсеткіш ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Денсаулық сақтау министрлігіне, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын!", – деп қорытты сөзін үкімет басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу