Асқар Мамин мен Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болды

1114

Асқар Мамин мен Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болды

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана әкімі Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалдық кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Нысанды аралау кезінде құрылысшылар орындалып жатқан жұмыстардың деңгейі туралы баяндап берді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бірнеше нысанның аяқталу мерзімдері туралы айтылды.

Нақты айтқанда, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қарсы он төрт қабатты қонақ үй кешені және сауда орталығы тапсырылады. Ал жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат пайдалануға беріледі. 

Еске салсақ, "Әбу-Даби Плаза" кешені түрлі мақсаттағы блоктардан тұрады, олардың барлығы бірге көпфункционалдық биік ғимаратты құрайды. Атап айтқанда, онда кеңселер, қонақ үй, тұрғын үй кешені бар. Құрылыстың жалпы ауданы - 500 мың шаршы метрге жуық. Нысанда жұмыс істеп жатқан адам саны – 5000, соның 3347-сі – жергілікті мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу