Асқар Мамин мен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасарының кездесуінде қандай мәселелер қозғалды

857

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі биыл $20 млрд-тан асуы мүмкін.  

Асқар Мамин мен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасарының кездесуінде қандай мәселелер қозғалды

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, транзиттік-көлік, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумы аясында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Келіссөз барысында көлік инфрақұрылымының озық дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейту және "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Солтүстік – Оңтүстік" дәліздері және ЕАЭО кеңістігіндегі басқа бағыттар аясындағы аймақтық көліктік өзара байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

ҚР Премьер-министрі инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы өткізу пункттерін реконструкциялау арқылы көлік әлеуетінің тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Осы жылғы қаңтар-шілде айларында екіжақты тауар айналымы $12,7 млрд құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 26,7%-ға жоғары. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл $20 млрд-тан асуы мүмкін.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу