Асқар Мамин Омбы облысының губернаторымен кездесті

657

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесті, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.  

Асқар Мамин Омбы облысының губернаторымен кездесті

Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, АӨК, энергетика, транзиттік-көлік, туризм, мәдени-гуманитарлық салалардағы ҚР мен РФ шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында Ертіс трансшекаралық өзенінде кеме қатынасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Павлодар мен Омбы қалалары арасындағы өзен бойынша жүк тасымалдау көлемін 2025 жылға қарай 4 есеге арттырып, жылына 1 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары Ертіс өзені бойынша өтпелі кеме қатынасын ашуға және келешекте ҚХР-мен мультимодальдық қатынастың ашылуына ықпал ететін болады.

Қазақстан — РФ Омбы облысының ірі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы $192,3 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,6%-ға жоғары.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу