Асқар Мамин "One Web" британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

634

Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективасын талқылады. 

Асқар Мамин "One Web" британдық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Сунил Миттал өрістетіліп жатқан "One Web" жаһандық спутниктік желі шеңберінде қолға алынған Байқоңыр ғарыш айлағынан спутниктерді ұшыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады, деп primeminister.kz сайтына сілтеме жасап inbusiness.kz  хабарлайды.

Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан 8-ден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарланып отыр. "One Web" жаһандық спутниктік желісі 1200 км биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұратын болады. 2021 жылдың соңында спутниктік желіні толық пайдалануға беру және оған Қазақстан аумағына қызмет көрсету күтілуде.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені базасында "One Web" спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне кейіннен "One Web" спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

 "One Web" компаниясы интернет желісіне қолжетімділік және деректерді жоғары жылдамдықпен беру (пайдаланушы терминалына 5-50 Мбит/с) бойынша қызметтерді ұсыну үшін жаһандық төмен орбиталық спутниктік желіні құраумен айналысады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу