Асқар Мамин өңір активіне Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды

750

Премьер-Министр бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі.  

Асқар Мамин өңір активіне Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың М. Досмұхамбетовты өңір әкімі лауазымына ұсынған кандидатурасына қолдау білдірген Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі Facebook парақшасында жариялады.

Жазбада Атырау облысының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Премьер-Министр оның үлкен өндірістік тәжірибесі мен біліктілігінің мол екенін атап өткен.

"Жаңа әкімнің алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер қойылды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырау облысының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр, Махамбет Жолдасқалиұлының зор сенімді ақтайтынына сенемін", – деді А. Мамин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу