Асқар Мамин Шымкенттегі әуежайдың жаңа терминалының жобасымен танысты

653

ҚР премьер-министрі жұмыс сапарымен Шымкентке барды.

Асқар Мамин Шымкенттегі әуежайдың жаңа терминалының жобасымен танысты

Келген бетте Асқар Мамин Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының жобасымен танысты. Құрылыс жұмыстары биыл шілде айында басталған, 2020 жылы мамыр айында аяқталады, деп хабарлайды primeminister.kz. 

ҚР үкіметінің басшысы "Химфарм" зауытына барып, онда отандық фармацевтикалық индустрияның даму қарқынын тексерді. Кәсіпорынды аралау аясында инъекциялық препараттар мен инфузиялық ерітінділерді өндіру бойынша цехтың жарақтандырылуын көрді, сондай-ақ "Модельдік цифрлық фабрикалар" жобасының аясында іске қосылған Цифрлық инженерлік және білім беру орталығының жұмысын бағалады. Қазіргі кезде халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өндірістерді жаңғырту бойынша $108 млн сомасына аса ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. 

Сондай-ақ, Асқар Мамин индустриялық-инновциялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған "Оңтүстік" индустриялық аймағы аумағындағы "Shymkent Temir"  экспортқа бағытталған кәсіпорынға барды. Металлургия зауытының жобалық қуаттылығы – жылына 250 мың тонна болат дайындамақ. Осы жерде ҚР премьер-министріне Түркістан облысындағы қуаттылығы жылына 1 млн тонна темір болатын тау-кен-металлургия кешені құрылысының жобасы таныстырылды.

Үкімет басшысы "Рахат-Шымкент" ЖШС-ға барып, тамақ өнімдерінің өндіріс процесін көрді. 

Заманауи жабдықтармен жарақталған фабрика жылына 24 мың тоннаға дейін 30 атау бойынша 4 түрлі кондитерлік өнімдер шығарады.

Аралау қорытындысы бойынша Асқар Мамин инвестициялық жобаларды іске асыру, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және өндіріс көлемін ұлғайту бойынша бизнес-қауымдастықпен жұмысты жандандыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу