Асқар Мамин таңдауын жасады

904

Премьер-министр Нұр-Сұлтан қаласының №138 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Асқар Мамин таңдауын жасады

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы №138 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Аталған сайлау учаскесі "Астана" концерттік залының ғимаратында орналасқан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлау учаскесінде 2 999 адам тіркелген. Азаматтық борышын өтеуге алғашқылардың бірі болып Асқар Мамин келген.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері 07:00-ден ашылды. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу