Асқар Мамин Тәжікстанда бірқатар келісімге қол қойды

722

Қазақстан Тәжікстанға ауыл шаруашылығы техникаларын, локомотивтер мен арматураларды экспорттайды.

Асқар Мамин Тәжікстанда бірқатар келісімге қол қойды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстанға ресми сапары аясында "KazakhExport" ЭСК" АҚ қазақстандық экспорттаушылар мен тәжік импорттаушыларының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды "KazakhExport" баспасөз қызметі.

"Агромашхолдинг" АҚ, "Тәжіксельхозлизинг" РМБК және "KazakhExport" ЭСК" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім:

"Тәжіксельхозлизинг" республикалық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны KazakhExport қолдауымен "Агромашхолдинг" АҚ-дан ESSIL маркалы қазақстандық құрастырмадағы комбайндар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алады. 

"Тәжіксельхозлизинг" Тәжікстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді лизингке жеткізуге, сондай-ақ клиенттерге сервистік және техникалық қызмет көрсетуге маманданған.

Еуразиялық Даму Банкі, "Рохи Охани Точикистон" МБК және  "KazakhExport" ЭСК" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім: 

Еуразиялық Даму Банкі мен "Рохи Охани Точикистон" мемлекеттік біртұтас кәсіпорны KazakhExport сақтандыру қолдауымен $35млн сомаға теміржол машина жасау өнімдерін сатып алу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келісімге келді.

Тәжік тарапы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ маневрлік және магистральды локомотивтерді, "Қазақстан вагон жасау компаниясы" ЖШС шығаратын жүк вагондары мен жартылай вагондарды, сондай-ақ "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС шығаратын темір жол рельстерін сатып алуға қызығушылық білдірді.

"Дусти 2017" ЖШҚ мен "KazakhExport" ЭСК" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім: 

"Дусти 2017" жауапкершілігі шектеулі қоғамы және KazakhExport Рогунс ГЭС құрылысына арналған  $16 млн.-ға "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шығарған 30 мың тонна арматураны жеткізуге бағытталған келісімге қол қойды.

2018 жылы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстанға сапары аясында республикаға арматура жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Кейінірек, KazakhExport сақтандыру қолдауымен қазақстандық тарап $9,7 млн.-ға арматура экспорттады. Жасалған келісімшарт шеңберінде 10,5 мың тонна жеткізу күтілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу