Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

688

27-28 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабад қаласында жұмыс сапарымен болды.

Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

Премьер-Министр Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен кездесуі барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауылшаруашылығы салаларындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Карантиндік шараларға және әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды. 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы ҚР экспортының 78,1%-ға өсуі есебінен 43,6%-ға $144 млн-ға дейін ұлғайды. Таяу жылдары тауар айналымын $500 млн деңгейінде қамтамасыз ету міндеті қойылды.

2021 жылдың 10 айында Қазақстан мен Түрікменстан темір жолдарының, соның ішінде Ауғанстан мен Иранға транзиттік жолдардың қатысуымен жүк тасымалының көлемі 1 млн тоннадан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу