Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

1808

Түркістанда премьер-министр қаланың даму перспективалары жөнінде кеңес өткізеді. 

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласының құрылыс барысымен танысу мақсатында Түркістан облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Түркістанда премьер-министр қаланың даму перспективалары жөнінде кеңес өткізеді. Cелекторлық режимде оның жұмысына өңірлер әкімдері қатысып, облыс орталығында нысандарды салу бойынша ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндайтын болады. Сонымен қатар, қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын, тұрғын үй алаптарын және әлеуметтік мәні бар нысандарды салу барысы тексеріледі. 

Осы күні Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барады, ондағы бұрынғы және салынып жатқан аудандардың өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап көреді. Қала маңын аралау қорытындысы бойынша премьер-министр мегаополистің одан әрі даму перспективалары және 2023 жылға дейінгі Кешенді құрылыс жоспарын іске асыру жөнінде кеңес өткізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу