Асқар Мырзахметов Солтүстік Қазақстан облысына барды

704

Асқар Мырзахметов Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бүгін Елбасы тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов кезекті жұмыс сапарымен еліміздің басты астық өндіруші өңірлерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Вице-Премьер отандық ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді. Оған жергілікті зауыттардың директорлары мен ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші компаниялар өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Жұмыс тобы отырыстарының қорытындысы мен машина-тракторлық парктың жаңғыруы көлемінің өсімін тежеуші жағдайларды талдау барысы және төмен деңгейлі өндіріс зерттеліміне сәйкес АШМ тарапынан Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамытудың жол картасы әзірленді.

Жалпылай алғанда, көктемгі егін егуге дайындық барысымен таныса келе, Министр тұңғыш рет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ақырғы құнның 6%-ға төмендегеніне баса назар аударды. Бұл көрсеткіш былтыр 9%-ды құраған болатын. Өз кезегінде, бұл жағдай несие беру құрылымдары сатыларының қысқаруы арқылы мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, несиелер бойынша талап етілетін құжаттар саны азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу