Асқар Жақыпбаев ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

705

Бұл туралы  Inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Асқар Жақыпбаев ветеринариялық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды Фото: primeminister.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Асқар Шакенұлы Жақыпбаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Асқар Жақыпбаев 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Мыңбұлақ совхозының құрылыс бөлімінде жұмысшы болып бастаған.

1986-1996 жылдары Мыңбұлақ совхозының ветеринар дәрігері, комсомол комитетінің хатшысы, Мыңбұлақ ауылы әкімдігінің ветеринар инспекторы болып жұмыс істеді.  

1996-1997 жылдары – Аягөз ауданының бас мал дәрігерінің эпизоотия жөніндегі орынбасары.

1997-1999 жылдары ветеринарлық қадағалау органдарында жұмыс істеді.

1999-2019 жылдары АШМ құрылымында Шығыс Қазақстан облысы бойынша басшылық қызметтерде болды.

2021 жылы – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ШҚО бойынша өңірлік филиалы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.

2021 жылғы қарашадан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу