Әскерге күштеп әкеткендерге қатысты тергеу басталды

217

Қостанайда жігітті әскери комиссариатқа күштеп алып кетпек болғандарға қатысты полиция тергеу жүргізбек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әскерге күштеп әкеткендерге қатысты тергеу басталды Фото: Видеодан скрин

Куәгерлердің айтуынша, 6 маусым күні сағат 22:00 шамасында жұмысынан шыққан жігіткен азаматтық киімдегі 3 адам жақындаған.

"Олар өздерін таныстырмай, жігітті ұстап әкетпек болды. Біздің қызметкерлерді итеріп жіберіп, балағат сөздер айтты. Біздің заңгерді күтпей, күшпен ұстап, алып кетті", – дейді куәгер.

Қостанай облысы Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қызметтік тергеу тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу