Әскери бөлімдегі сарбаз өліміне байланысты іс сотқа жолданды

208

Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлайды.  

Әскери бөлімдегі сарбаз өліміне байланысты іс сотқа жолданды Фото: adyrna.kz

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші Р. Жайғалиевтің қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп inbusiness.kz хабарлайды сайты.

Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға биыл 17 ақпанда болған. Іс материалдарында әскери бөлім командирі жеке құрамды бақылау және қарумен жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды тиісінше орындамағаны айтылған.

Әскери прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында қажетті сараптамалар жүргізіліп, жеткілікті дәлелдер жиналған.

Нәтижесінде қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды. Тағы 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу