Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков елдегі әскери бөлімшелерді ЖИ бейнебақылау жүйесімен қамту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
"Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казармалар жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелерімен толықтай қамтылады. Жүйе жағдайға талдау жүргізетін болады", – деді Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу