Әскери қызметшілердің қазасы: Түркия бауырлас қазақ халқына көңіл айтты

679

Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.  

Әскери қызметшілердің қазасы: Түркия бауырлас қазақ халқына көңіл айтты Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі телеграм

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Ақтау жағалауында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери оқу-жаттығулары кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлік жазбаша мәлімдеме жасады.

"Біз Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Ақтау жағалауындағы әскери оқу-жаттығулары кезінде адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Қаза тапқандардың жақындарына және Қазақстан халқына көңіл айтамыз", –делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін Ресей президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізіндегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтқанын жазғанбыз. 

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанға көңіл айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу