Әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы онлайн растауға болады

519

"Ардагерлер туралы" ҚР Заңына енгізілген түзетулерге байланысты бұл анықтаманы алуға деген сұраныс өскен.  

 Әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы онлайн растауға болады

Жеңілдіктер қарастырылған тұлғалар үшін анықтаманы қазақстандықтар онлайн түрде ала алады. Бұл мемлекеттік қызметтің түрін "Электрондық үкімет" порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік порталы арқылы қолжетімді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ардагерлер туралы" ҚР Заңына енгізілген түзетулерге байланысты бұл анықтаманы алуға деген сұраныс өскен. Заңда ардагерлер есебіне жататын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қарастырылған.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға қойылатын талаптардың бірі – жеңілдіктер қарастырылған санаттағы тұлғалардың әскери қызметті өткергенін растау.

Азаматтардың көпшілігі денсаулық қауіпсіздігі үшін үйден шықпай-ақ онлайн қызмет ретінде берілетін анықтаманы алу үшін жергілікті әскери басқару органдарына жүгінеді. Аталған анықтаманы алуға "Электрондық үкімет" порталындағы "Әскери есеп және қауіпсіздік" бөліміне өтіп, "Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін таңдағаннан кейін одан әрі қарапайым нұсқауларды орындау ғана қажет.

Егер жергілікті әскери басқару органдарында, ҚР-ның тиісті органдарында деректерді растау немесе бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болса, қызметтің алу мерзімі бір жұмыс күнінен 90 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу