Әскери қызметтің беделін түсірген азаматқа 82 700 теңге айыппұл салынды

169

Ол әлеуметтік желі арқылы жалған хабарлама таратқан.  

Әскери қызметтің беделін түсірген азаматқа 82 700 теңге айыппұл салынды Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, жалған ақпарат таратқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 2-бөлігі ("Жалған ақпаратты орналастыру, тарату") бойынша кінәлі деп танылған азамат жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, 26 маусым күні @egovpress Telegram-арнасында жарияланған бейнематериалдарда азамат өзін ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде көрсетіп, әскери қызметтің беделін түсіретін мәліметтер таратқан.

– Қорғаныс министрлігі жүргізген тексеру нәтижесінде аталған азаматтың әскери қызметке қатысы жоқтығы және бұған дейін Қарулы Күштерде немесе өзге де әскери құралымдарында қызмет атқармағаны анықталды.

Тексеру материалдары Ішкі істер органдарына жолданып, оның нәтижесі бойынша азамат жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу