Ағымдағы жылғы 29 маусым мен 2 шілде аралығында Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы оқу сипатында болады және негізінен әскери бөлімдердің аумақтарында және оқу полигондарында ұйымдастырылады. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Жекелеген бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы кезеңде өңірлердегі жекелеген автожол учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", – делінген хабарламада.