Әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады

445

Бұл іс-шаралар әскерлердің жауынгерлік машығын жетілдіруге бағытталған.

Әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскерлерді тасымалдау теміржол эшелондары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарымен қозғалатын әскери автолектер, сондай-ақ майдандық және армиялық авиация арқылы аралас тәсілмен жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық және оны өткізу аясында биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасының аумағында қару-жарақ, әскери техника және жеке құрам жауынгерлік даярлық іс-шаралары өтетін аудандарға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

– Әскерлерді тасымалдау теміржол эшелондары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарымен қозғалатын әскери автолектер, сондай-ақ майдандық және армиялық авиация арқылы аралас тәсілмен жүзеге асырылады.

"Батыл тойтарыс – 2026" оқу-жаттығуы кешенді түрде өткізілетіндіктен, еліміздің барлық өңіріндегі оқу полигондарын қамтып, Қарулы күштердің қазіргі заманғы ахуалда жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын бағалауға бағытталған.

Оқу-жаттығу барысында әскерлерді қолдану, құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте бірыңғай жедел түрде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері пысықталады, –делінген хабарламада.

Жоспарға сай өткізілетін бұл іс-шаралар әскерлердің жауынгерлік машығын жетілдіруге, әскери басқару органдарының, Қарулы күштер түрлері мен тектерінің, сондай-ақ арнайы әскерлердің бірлескен іс-әрекетін нығайтуға және Қарулы күштерді қолданудың заманауи әдіс-тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

– Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуді және тексерілмеген мәліметтерді таратпауды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз, – делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу