Астана "Жер сағаты" экологиялық акциясына қатысады

1205

Астана "Жер сағаты" экологиялық акциясына қатысады

5 наурыз күні Астана "Жер Сағаты" дәстүрлі халықаралық экологиялық акциясына қатысады. Биыл акцияға еліміздің барлық ірі қалалары қосылып, көшелердегі шамдарды және бас сәулет нысандарының жарықтандырылуын өшіреді, деп жазады astana.gov.kz.

Астанада "Бәйтерек" монументі, "Ақорда" президент резиденциясы, әулие Успенский кафедралды соборы, үкімет ғимараттары және басқа да нысандардың жарықтандырылуы өшіріледі. Бұған қоса, барлық қалаларда жүздеген адамдардың қатысуымен қоршаған орнаты қорғау тақырыбында флешмобтар және веложарыстар өтеді.

Аталған акцияны жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры наурыздың соңғы сенбілерінің бірінде өткізеді, оған сәйкес, белгіленген күні бүкіл әлем бойынша адамдар бір сағатқа электр шамдарын және басқа да электр құралдарын өшіреді.

"Жер Сағаты" – табиғатқа ұқыптылықпен қарауға үндейтін символикалық акция, бұл жер климатын сақтау мен оның шектеулі қорларына қамқорлықпен қарауға қоғамдық үндеу шарасы.

Бүгінгі күні "Жер сағаты" адамзат тарихындағы ең бұқаралық акция болып табылады. Алғаш рет бұл шара 2007 жылы Сидней (Аустралия) қаласында өткізілген. Келесі жылы жаһандық оқиғаны көптеген мемлекеттер қолдап шықты: акцияға әлемнің 35 мемлекетінен 100 млн-нан аса адам қатысты. Қазақстан халықаралық акцияға 2009 жылы ресми түрде үлес қосты. Ол кезде шараға Астана және Алматы қалалары қатысқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу