Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Айтулы дата қарсаңында елорда көшелері мен ғимараттарымен қатар ірі сауда орталықтары да мерекелік кейіпке ене бастады. Бұл іске MEGA Silk Way және "Сарыарқа" сауда орталықтары да қосылды.
Қазір сауда орталықтарының LED-экрандарында Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған бейнероликтер көрсетіліп жатыр. Мерекелік безендірулер қалаға ерекше сән беріп, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Елорда 16 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күнін қарсы алуға дайындалып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу