Астана агломерациясын дамытуға республикалық бюджеттен 51,5 млрд теңге бөлінеді

565

Астана агломерациясын дамытуға республикалық бюджеттен 51,5 млрд теңге бөлінеді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов үкіметте Астана агломерациясын дамыту бойынша 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндама жасады.

Агломерация аумағы – 2,18 мың шаршы шақырым. Агломерация халқының саны 2017 жылдың қорытындысы бойынша 1,19 млн адам, оның ішінде Астана қаласында – 1,04 млн адам.

"Астана агломерациясын Қазақстанның ұзақмерзімді өсу полюсі ретінде қалыптастыру үшін үкімет қаулысымен Астана агломерациясын дамыту туралы 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспары қабылданды.

Жоспарда 82 іс-шараны іске асыру көзделген. 29 іс-шара бойынша орталық мемлекеттік органдар  негізгі орындаушы болып табылады, 53 іс-шара бойынша орындаушылар – Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктері", - деді ол.

Іс-шаралар жоспары негізгі 3 міндетті іске асыруды көздейді.

Бірінші міндет: Астана агломерациясын аумақтық және институционалдық дамыту. Екінші міндет: республикалық және өңірлік нарықтарда Астана агломерациясын экономикалық орнықтыру. Үшінші міндет: Астананы, оның қала маңы аймағын дамыту.

"Астана агломерациясы географиялық тұрғыдан тиімді орналаса отырып, Қазақстанның барлық көлік жүйелерін одан әрі дамытуға ықпал ететін ірі хабқа айналуға тиіс", - деді Руслан Дәленов.

Белгілі болғандай, іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 51,5 млрд теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 771,3 млн теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу