Астана әкімдігі электр ақауы бойынша мәлімдеме жасады

90

Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр.

Астана әкімдігі электр ақауы бойынша мәлімдеме жасады Фото: Астана әкімдігі

Түнгі уақыттан бері жедел қызметтің апатты бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға орнына жедел қызметтің үш бригадасы, Есіл аудандық электр желілері қызметінің мамандары, сынақ және диагностика қызметі, сондай-ақ кабель желілері қызметінің мамандары дереу жіберілді.

Қалпына келтіру жұмысы барысында 5 трансформаторлық қосалқы станция қайта іске қосылды.

Үйдің ортақ қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қамтамасыз ету үшін дизельді-генераторлық қондырғылар қосылған.

2025 жылдың 22 қарашасында, сағат 01:06-да "Тұран" қосалқы станциясында технологиялық ақау болып, РП-217-ге энергия беріп тұрған №106 және №210 ұяшықтары ажыратылды.

Шектеу аймағында әлі де жеті тұрғын үй кешенінің тұтынушылары бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу