Астана әкімдігі халыққа онлайн-сауалнама жүргізіп жатыр

918

Астана әкімдігі халыққа онлайн-сауалнама жүргізіп жатыр

Астана әкімдігінің ресми сайтында халықтан онлайн-сауалнама алу жалғасуда. Енді қала тұрғындары түрлі мәселелер бойынша бойынша өз пікірлерін білдіре алады.
Қазіргі уақытта сауалнамалар экология және көгалдандыру, ПИК қызметі, қоғамдық орындарда темекі тарту және көлік мәселелері бойынша жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

2017 жылдың 4 ақпанында сауалнамаларға 785 азамат қатысты, соның ішінде темекі тарту мәселесі бойынша -91, көлік -80, ПИК - 333, экология және көгалдандыру - 281 адам.

Пікір білдіру үшін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының бас парағындағы "Сіздің пікіріңіз (сауалнамалар)" қосымшасына кіріп, содан кейін "Сауалнаманы бастау" пернесін басу қажет. Сұрақтарға жауап берген соң жеке мәліметтері бар торды толтыру қажет, яғни, жынысын, жасын, байланыс телефонын және e-mail-поштасын көрсету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу