Астана әкімдігі үлестік құрылыс картасын әзірледі

1102

Астана әкімдігі үлестік құрылыс картасын әзірледі

Үлестік құрылыс туралы жаңа заңды тиімді іске асыру және атқарылып жатқан жұмыстардың транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі үлестік құрылыстың бірыңғай картасын әзірледі, деп жазды astana.gov.kz.

Картада үш ауданда орналасқан үлескерлік құрылыстың 56 объектісі көрсетілген. Карта екі бағыттан тұрады: проблемалық нысандар және жаңа заңның нормаларына сәйкес салынып жатқан нысандар. Ол өте ыңғайлы және көпфункционалды болып табылады. Сондай-ақ, тұрғын үй кешенінің мекен жайы мен орналасқан орны, сипаттамасы, фото және бейнекөрсеткіштер ұсынылған.

Үлескерлер нысанның статусымен танысып, құрылыс жұмыстарының барысы мен кезеңдері, құрылыс салушы туралы дұрыс мәлімет ұсынылған толық техникалық құжаттама туралы ақпарат ала алады.

Үлестік құрылыстың бірыңғай картасының басты артықшылықтары – шынайы ақпарат ұсыну, айқындылықты қамтамасыз ету, ТК нысандары бойынша өзекті ақпараттың қолжетімділігі, бірыңғай мәліметтер базасына қолжетімділік, барлық пайдаланушылар үшін түсінікті интерфейс.

Қазіргі кезде 30-дан аса проблемалық нысан Астана әкімдігінің бақылауына алынды. Нысандардың тізімі ресми сайтта жарияланған.

Әр апта сайын Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қалған нысандар бойынша жағдай туралы үлескер-инвесторлардың бастамашыл топтарының ақпараттары тыңдалады.

ВАК мүшелері қолданыстағы заңнаманың шеңберінде құрылыс салушыларға нысандардың құрылысын аяқтауда қолдау көрсетіп отыр. Құрылыс салушы тарапынан нақты жұмыс жүргізілмесе, құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін нысандарды ТҚК-ге беру бойынша сот процедураларын жүргізу ұсынылады. 2014-2016жж. ВАК қызметінің арқасында 20-ға жуық проблемалық нысанның құрылысын аяқтау мәселелері шешімін тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу