Биылдан Астана әкімшілігі қызметтік көліктен толықтай бас тартып, арнайы таксимен жүруге бел буып отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің медиа орталығы хабарлап отыр.
Бұл үрдістің басты мақсаты қазына қаржысын үнемдеу. Әсет Исекешевтің айтуынша аталған жоба пилоттық режимде болып, қаладағы такси қызметімен айналысатын кәсіпкерлерге тиімді мүмкіндік болмақ.
Енді биылдан биылдан бастап әкімдіктегілер қызметтік көліктермен қош айтысса, келесі 2019 жылы шағын автобустармен арнайы техникаларды кәсіпкерлерге тапсыру жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу