Астана әкімі тағайындалды

2248

Кеше Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі қызметінен босатылған еді.

Астана әкімі тағайындалды

Астанаға әкім тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бақыт Сұлтанов бұған дейін қаржы министрі қызметін атқарды.

Ал кеше қаланың бұрынғы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу