Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек 4 баланың өмірін қиған тұрғын үй өрті оқиғасына пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол мұны бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесуі барысында БАҚ өкілінің сұрағына жауап беру барысында айтқан.
– Бұл мәселені қарастырып жолын табамыз. Екінші отбасыға уақытша жатақхана берілді, әрі қарай бұл отбасымен қосымша жұмыс істейміз. Қазір олардың тұрғын үй мәселелері шешіліп жатыр. Өртенген үй коттедж. Екі отбасы жалдап тұрған, – деген әкім.
Еске салайық, 17 қарашада Астанада жер үй өртеніп, төрт бала қайтыс болған еді. Артынша, адам өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу