Астана-Ақтау бағытындағы ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды

411

Бұл тұманға байланысты болған. 

Астана-Ақтау бағытындағы ұшақ Атырауға қонуға мәжбүр болды Фото: pikabu.ru

FlyArystan компаниясының Астана-Ақтау бағытындағы ұшағы  ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады inbusiness.kz  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"FlyArystan 2023 жылғы 08 мамыр күні сағат 23:30-да КС7375 Астана-Ақтау рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда ұшу кезінде қатты тұманға байланысты Атырау қаласында қонуға мәжбүр болғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Әуе рейсінің Атыраудан ұшуы 9 мамыр күні таңертеңгі уақытқа ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу