Астана – Алматы әуерейсінде балағат айтқан жолаушыға айыппұл салынды

441

Жолаушыға 172 мың теңге айыппұл салынды.

Астана – Алматы әуерейсінде балағат айтқан жолаушыға айыппұл салынды Фото: yandex.kz

Астана – Алматы әуерейсінің жолаушысына әуежайда құқық бұзушылық жасағаны үшін 172 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Air Astana әуекомпаниясы өкілінің айтуынша, рейске тіркеу кезінде жолаушы әйел жеке басын куәландыратын құжат көрсетпей, балағат сөздер айтқан. 

Көлік полицейлері тексеру кезінде елорданың 35 жастағы тұрғынын анықтады. Ол сондай-ақ полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған. 

Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық), 667-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Еске сала кетсек, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 14 855 адамды жауапкершілікке тартты. Оның ішінде ұсақ бұзақылық 204 адам, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 17 адам жазаланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу