Астана, Алматы және Атырауда сайлаушылардың белсенділігі жоғары

91

Республикалық референдумда Астана мен Алматы қалаларының және Атырау облысының тұрғындары ерекше қарқын танытып отыр.

Астана, Алматы және Атырауда сайлаушылардың белсенділігі жоғары Фото: Ақорда

Бұл туралы дауыс беру учаскелеріндегі байқаушыларға сілтеме жасап, Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар саяси науқанға тек жеке өзі емес, туған-туыстарымен, достарымен және әріптестерімен бірге топтасып келуде.

Көптеген азаматтардың мерекелік көңіл-күймен ұлттық нақыштағы киімдер киіп келгені байқалады.

Кейбір учаскелерде дауыс берушілердің кезегі пайда болғанына қарамастан, халық арасында мерекелік ахуал мен салтанатты сезім басым.

Қазақстандықтар бұл референдумның ел тарихындағы маңызы зор екенін терең түсініп, өз таңдауларын жасауға жауапкершілікпен қарауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу