Астана аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығулары өтеді

316

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

Астана аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығулары өтеді Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 5-7 қарашада қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Оған қоса, 1 қарашадан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу