Оның бәрі жүк алушыларға жеткізуге арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елордалық халықаралық әуежайы Мy Freighter әуе компаниясының жүк рейсіне техникалық қону мен жүк түсіру жұмыстарын сәтті ұйымдастырды.
Тасымалдауды штаб-пәтері мен негізгі базасы Ташкент қаласында орналасқан Өзбекстанның ең ірі жеке жүк әуе тасымалдаушысы – My Freighter әуе компаниясы жүзеге асырды. Компания халықаралық жүк тасымалдарына маманданған және әртүрлі көлемдегі бизнес өкілдеріне арналған тиімді логистикалық шешімдерді ұсына отырып, кең ауқымды бағыттар желісін қамтамасыз етеді.
Әуе компаниясының паркі Boeing 747 және Boeing 767-300F үлгісіндегі заманауи жүк ұшақтарынан тұрады. Бұл әуе кемелері ірі көлемді және коммерциялық жүктерді алыс қашықтықтарға тасымалдауға мүмкіндік береді.
My Freighter Азия, Еуропа және ТМД елдері арасындағы негізгі сауда-логистикалық бағыттарда белсенді қызмет атқарады. Компания Амстердам мен Шанхай секілді халықаралық жүк хабтарын пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалы нарығында маңызды рөл атқарады.