Астана әуежайы рейстер кестесінде өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертті

83

Түзетулер Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттердегі ахуалдың өзгеруіне байланысты енгізілген.

Астана әуежайы рейстер кестесінде өзгеріс болуы мүмкін екенін ескертті Фото: canva

Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне және сол елдер арқылы өтетін кейбір халықаралық рейстердің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолаушыларға әуежайға барар алдында өз әуе компанияларынан рейстің нақты мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады.

Әуе айлағының басшылығы әуежайдың әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста екенін және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайсыздықтарды барынша азайту үшін жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу