Астана әуежайы жаңа режимде жұмыс істейді

225

Бұл ақпарат әуежайдың Telegram арнасында жарияланды.

Астана әуежайы жаңа режимде жұмыс істейді Фото: inbusiness.kz

Астана әуежайы жолаушыларға жаңа режимде жұмыс істейтінін ескертті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Астана әуежайы – Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық тораптың бірі. Біз жолаушыларымыздың сапарын жайлы әрі қауіпсіз қылу үшін еңбектенеміз. Әуежайда өткізетін уақыттарыңызды одан әрі жағымды ету үшін Астана әуежайы "тыныш әуежай" режимінде жұмыс істейді", – делінген хабарламада.

"Тыныш әуежай" – әуеайлақтың жұмысы кезінде туындайтын шуды, артық дыбыстарды азайтуға бағытталған. 

"Біз сіздердің рейсті күту кезінде көптеген эмоцияларды бастан өткеретіндеріңізді түсінеміз, сол үшін де әуежай сондай кедергілерді азайтуды көздеді. Сондықтан ақпараттық таблоны мұқият әрі жіті бақылауларыңызды сұраймыз. Табло рейстердің ұшу және қону уақыты туралы өзекті ақпаратты көрсете отырып, сіздерге бағыт-бағдар береді", - деп мәлімдеді әуежай өкілдері.

Әуежай өкілдері "осылайша жолаушылар уақытын тиімді жоспарлап, рейстен кешігу жағдайының алдын ала алады" деп есептейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу