Астана әуежайының бірінші қабатын су басқаны белгілі болды

181

Жағдайға қатысты әуежайдың баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді. 

Астана әуежайының бірінші қабатын су басқаны белгілі болды Фото: бейнежазбадан

Әлеуметтік желілерде Астана халықаралық әуежайын су басқан сәт түсірілген бейнежазба тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мекеменің мәліметінше, сағат 19:33 шамасында халықаралық терминалдың бірінші қабатындағы (жалпы келу залы) нөсер суын бұру жүйесінде ақау туындаған. Нақтырақ айтқанда, су ағатын құбыр істен шыққан. Ақау 12 минут ішінде – 19:45-те жойылып, зал судан тазартылған.

Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Рейстердің кешігуі немесе басқа да кедергілер тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу