Астана әуежайына су басу қаупі төніп тұр

1128

Астана әуежайына су басу қаупі төніп тұр

Астанаға жақын жатқан Майбалық көлі Астана әуежайына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Майбалық көлі аумағында әуежайды су басу қаупі сақталып тұр. Бұл артық суды бұру үшін бөгет салу бойынша қажетті шаралар қабылдауды талап етеді", - деді мәжілістегі "дөңгелек үстелде" Юрий Ильин.

Сондай-ақ ол Есіл өзені арнасының Ақмола облысы аумағындағы төменгі жағынан су жіберу қабілетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қазіргі уақытта жеткіліксіз болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу