Астана әуежайында 1 тамыздан бастап автотұрақ бағасы өседі

168

Келесі айдан бастап Астана халықаралық әуежайындағы қысқа мерзімді автотұрақтың құны сағатына 300 теңгені құрайды.  

Астана әуежайында 1 тамыздан бастап автотұрақ бағасы өседі Фото: t.me/nqzairport

Тариф 100 теңгеге өседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, 2023 жылдан бері өзгеріссіз сақталған тарифті қайта қарауға автотұрақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жаңғырту шығындарының артуы себеп болған.

Сонымен қатар әуежай ұзақ мерзімді тұраққа арналған жаңа автотұрақ аймақтарын іске қоспақ. Бұл аймақтарда тұрақ ақысы сағатына 100 теңге болады. Осылайша, жолаушылар мен шығарып салушылар өз қажеттілігіне қарай тиімді тұрақ нұсқасын таңдай алады.

Бұған қоса, келушілерге арналған 100 орындық тегін автотұрақ бұрынғы режимде жұмысын жалғастырады.

Әлеуметтік жеңілдіктер де сақталады. I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, енгізіліп отырған өзгерістер автотұрақ инфрақұрылымын жетілдіруге, терминал маңындағы көлік қозғалысын реттеуге және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу