Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылып, 18 рейс кешігіп жатыр

181

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Астана әуежайында 15 рейс тоқтатылып, 18 рейс кешігіп жатыр Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі

Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ішінде ұшып кететін 7 рейс, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға тиіс 6 рейс, ал ұшып келуі керек болған 12 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана қаласы әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр. Мұндай ауа-райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдады", - делінген хабарламада. 

Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу