Астана әуежайында 160 мың доллар алып өтпек болған жолаушы ұсталды

1125

Жолаушы қомақты ақшаны шетелге алып өтпек болған.

Астана әуежайында 160 мың доллар алып өтпек болған жолаушы ұсталды Фото: freepik

Астана халықаралық әуежайында 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған жолаушы ұсталып, құзырлы органға тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жүргізу барысында шамамен 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады. Тексерістен кейін әуежай қызметкерлері жолаушыны аталған қаражатпен бірге құзырлы органға тапсырды", - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес, 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу