Астана әуежайында балағат сөздер айтқан жолаушылар жауапқа тартылды

418

Тексеріс кезінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталды. 

Астана әуежайында балағат сөздер айтқан жолаушылар жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне FlyArystan әуекомпаниясының өкілі “Астана – Алматы” бағытындағы әуерейсінің жолаушыларының біріне қатысты шара қолдану туралы шағымданды.

Оның айтуынша, рейске тіркеу кезінде ер адам өзін дөрекі ұстаған және балағат сөздер айтқан. Ол полиция бөліміне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Жоғарыда аталған әуекомпанияның “Астана – Қызылорда” бағытындағы тағы бір жолаушы әкімшілік құқық бұзушылықты жасады. Бұл жолы елорданың 40 жастағы тұрғыны масаң күйінде болып, тіркеуге кешігіп келген, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Аталған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 440-бабы, 667-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Көлік полицейлері жолаушылардың әуе кемесінде тәртіп сақтап, белгіленген ережелерді орындауы – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу